Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада 14 жастағы қыз ауруханада көз жұмды

Қызылордада 14 жастағы қыз ауруханада көз жұмды
Аурухана. Көрнекі фото: Pramote Polyamate/Getty Images

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 14 жастағы қыз көз жұмды. Оқиғаның мән-жайына байланысты тексеру басталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің денсаулығы күрт нашарлап, ол ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткенімен, қыз жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Ата-анасы шағым түсірген

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының басшылығы жасөспірімнің өліміне қатысты тиісті тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

"Баланың ата-анасы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағым түсірді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайын зерделеу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді медициналық мекеме өкілдері.

Әзірге қыздың нақты неден қайтыс болғаны туралы ресми қорытынды жарияланған жоқ.

Тексеру нәтижелері кейінірек хабарланатыны айтылды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер