SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды: борттан ақау табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қылтима, үнқағаз, желкөз”: Тоқаев кей сөздердің аудармасын сынға алды

“Қылтима, үнқағаз, желкөз”: Тоқаев кей сөздердің аудармасын сынға алды
Фото: Ақорда

Президенттің сөзінше, қазақ тілі өзге іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда табиғи тазалығын жақсы сақтаған. Соңғы жылдары бұрын сирек қолданылған бірқатар төл сөз қайта жаңғырып, күнделікті қолданысқа енген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліне кейбір сөздердің жасанды түрде аударылуына қатысты пікір білдіріп, жаңа терминдерді енгізуде шектен шықпау керектігін ескертті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы «тұжырымдама», «қағидат», «сыйақы», «шәкіртақы», «еңбек өтілі», «жанармай», «ғаламтор», «тікұшақ», «пайыз», «сынып» секілді сөздердің кең таралуын оң үрдіс ретінде бағалады.

Алайда ол кейбір шет тіліндегі атауларды қазақшалаудың қаншалықты қажет екеніне күмән келтірді.

«Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент діни терминдердің қолданысына да назар аударды. Оның айтуынша, кейінгі уақытта қазақ тіліндегі көне діни ұғымдардың орнына араб сөздерін қолдану жиілеген.

«Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнын араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев тілге қатысты мұндай мәселелерді кәсіби мамандар мен ғалымдар бірлесе талқылауы керектігін атап өтті. Сондай-ақ қазақ тілінің ғылыми әлеуетін дамыту үшін баршаға қолжетімді әмбебап цифрлық жүйе әзірлеудің маңызын айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.