KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Қыдырәлі ренжімесін”: Ерлан Көкеев АБК-ға қатысты біраз шындықтың бетін ашты

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Қазақ эстрадасындағы «АБК» тобының құрылу тарихын әнші Ерлан Көкеев баяндап, көпшілік біле бермейтін жайттарды бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қыдырәлі ренжімесін, ол «бұл менің идеям» дейді. Бірақ шын мәнінде мүлдем басқаша болған», – дейді әнші.

Көкеевтің сөзінше, ол әннің вокалын үш дауысқа бөліп жазуды ұсынған. Алдымен Қыдырәлі Болмановты, кейін Медеу Арынбаевты студияға шақырып, үшеуі бірге ән орындаған. Осылайша топтың құрылуына негіз қаланған.

Ал «АБК» атауы Алматы қаласының күніне арналған концертте пайда болған. Жүргізуші үш әншінің есімдерінің алғашқы әріптерін біріктіріп, ұжымға атау берген.

Кейін Қыдырәлі Болманов продюсерлік жұмысты қолға алып, демеушілер іздеген. Үш өнерпаз бірге қалуға шешім қабылдап, тіпті достықтарының белгісі ретінде қан арқылы бауырласу рәсімін жасаған.

Айта кетейік, 2026 жылы «АБК» тобының құрылғанына 30 жыл толды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →