Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"КВНщик" Мансар Орынхан – күрес федерациясының вице-президенті

"КВНщик" Мансар Орынхан – күрес федерациясының вице-президенті
Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы Күрес федерациясының вице-президент болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа қызметіне қатысты ол бұл шешімді үлкен сенім мен жауапкершілік ретінде қабылдайтынын жеткізді.

«Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс айтамын. Негізгі мақсатымыз – ұлттық спорттың беделін арттырып, жас буынға мотивация беру. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр», – деді Мансар Орынхан.

Оның айтуынша, алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттауға, оның имиджін көтеруге және медиа бағытты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Алайда әлеуметтік желіде бұл тағайындауды сынап жатыр. "Онсызда клоунға айналған күресті күлкімен қарық қылмақ" деген сынды жазбалар Фейсбук әлеуметтік желісінде қаптап кетті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.