KZNews.kz
Әлем

Күйеуі Кореяға жұмысқа кеткен: 34 жастағы әйел 5 баласымен өртеніп кетті

Азамат Қойшығара
turmush.kg

Қырғызстанның Ош қаласында орын алған өрттен бір отбасының алты мүшесі қаза тапты. Қайғылы оқиға 22 қазан күні таңғы уақытта Орозбеков көшесіндегі тұрғын үйде болған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сағат 5:52-де өрт туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт тұрғын үйдің жертөлесінде сағат 3:30 шамасында басталып, қысқа уақыт ішінде шатырға дейін тараған.

Өртті сөндіру жұмыстары барысында үй ішінен 34 жастағы әйел мен оның 13, 11, 9, 6 және 2 жастағы бес баласының денесі табылды.

Белгілі болғандай, марқұм әйелдің күйеуі Оңтүстік Кореяда еңбек етіп жүрген. Ал өрттің шығуына тұрмыстық электр пешінің ақауы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары