KZNEWS.KZ
Саясат

Құрылтай Конституциялық Сот пен екі органның құрамын бекітті

Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Құрылтай Президентке Конституциялық Соттың 10 судьясын, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды kznews.kz

Конституциялық Сотқа 10 судья

Құрылтай Сәкен Абдолла, Қайрат Жақыпбаев, Ләйла Жақаева, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Сергей Скрябин, Аслан Түкиев және Сергей Ударцевті Конституциялық Сот судьясы қызметіне тағайындауға келісім берді.

Кейін Мемлекет басшысының жарлықтарымен аталған 10 кандидат Конституциялық Соттың судьялары болып тағайындалды.

ОСК құрамына алты адам

Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне Азамат Айманақұмов, Михаил Бортник, Мұхтар Ерман, Әсел Жанәбілова, Ләззат Сүйіндік және Шавхат Өтемісовтің кандидатуралары ұсынылды.

Құрылтай Президентке осы алты кандидатты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындауға келісім берді.

Жоғары аудиторлық палатаға сегіз кандидат

Жоғары аудиторлық палата мүшелігіне Бақыт Әбілдинов, Рахымжан Ділдаев, Амангелді Есенов, Ғабиден Жақсылықов, Руслан Мелдебеков, Нұрлан Нұржанов, Ардақ Теңгебаев және Юлия Энгель ұсынылды.

Депутаттар сегіз кандидаттың да Жоғары аудиторлық палата мүшесі қызметіне тағайындалуына келісім берді.

Жаңа Конституцияға сәйкес, Президент Құрылтай депутаттарының көпшілік дауысымен берілген келісімі арқылы Конституциялық Соттың 10 судьясын сегіз жылға, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесі мен Жоғары аудиторлық палатаның сегіз мүшесін бес жылға тағайындайды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →