ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ауысты, деп хабарлайды kznews.kz
«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Бұған дейін осы лауазымда болған Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Президенттің өкімімен лауазымынан босатылды.