Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Курчатовта АЭС салына ма – Сәтқалиев жауап берді

Курчатовта АЭС салына ма – Сәтқалиев жауап берді

Курчатовтағы алаң АЭС құрылысына жарамды деп танылған

Абай облысындағы Курчатов қаласы атом электр станциясын салуға перспективалы алаң ретінде қарастырылып отыр, бірақ әзірге Курчатовта АЭС салу туралы жоспар жоқ. Бұл туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz

Оның айтуынша, Курчатов алаңы, шынымен де, 2050 жылға дейін уран саласын дамыту стратегиясы аясында атом станциясын салуға перспективалы орын ретінде қарастырылып отыр. Бұған дейін Ұлттық ядролық орталық халықаралық сарапшылармен бірлесіп, Курчатовта АЭС салу мүмкіндігіне қатысты жан-жақты бағалау жүргізген. Ол қала аумағында атом нысанын орналастыру мүмкін екенін растады.

«Егер нақты жоспарға келсек, ол Үкіметтің шешіміне, энергетикалық баланс болжамы мен ұлттық электр желісін дамыту қажеттілігіне байланысты болады. Бірақ қазір Курчатовта АЭС салу жоспары жоқ», - деді Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында.

Жалпы, оның айтуынша, Курчатов алаңы 125, 300, 600 және 1200 мегаваттық жекелеген блоктары бар атом станциясын салуға қолайлы.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.