"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Күндіз шешемді жерлеп, кешке той жүргіздім»: Танымал асаба жан сырын ақтарды

«Күндіз шешемді жерлеп, кешке той жүргіздім»: Танымал асаба жан сырын ақтарды
Фото: видескрир

Ол анасынан айырылса да тойын өткізуге мәжбүр болған.

“Той болатын күні тамаданың басынан да түрлі жағдайлар болады. Мен үшін ең ауыр той туралы айтайын ба? Шешем қайтыс болды. Үйдегілерге “жыламаңдар” деп жұбатам, сыртқа шығып, көлігімнің ішінде жылап алам… ертесіне той бар. Екі жерде той бар. Айбек той иелеріне хабарласып, “Сабыржанның анасы қайтыс болды” деп хабарлайды. Олар да түсіністік танытып, көңіл айтады. Шешемді жерледік күндіз. Үйге келген соң әкеме “алған аманаттарым бар, не істейін?” деп сұрадым. “Балам, аманатты орындағаның дұрыс. Туған-туысқа “Сабыржан ауырып қалды дейміз. Бара бер” деді деген тамада Аягөздегі тойға біраз кешіксе де, барғанын айтады. “Ресторанға кіріп барғанымда 400 адам қол шапалақтап, қарсы алды. Сол сәтте бүкіл қайғымды ұмытып, бір жарым сағат тойды дүркіретіп өткізіп бердім”, – деген Сабыржан бұл тойдың өте ауыр той болғанын айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.