Назарбаевтың немересінің сұхбаты YouTube-тен өшірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Күндердің күнінде артыңнан келемін": Кенжебек Жанәбілов марқұм анасын еске алды

"Күндердің күнінде артыңнан келемін": Кенжебек Жанәбілов марқұм анасын еске алды

Танымал әнші Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Өнер иесі "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің марқұм анасының бейнежазбасын бөлісіп, өзінің де өмірден өткен анасын сағынышпен еске алды.

Әнші Instagram парақшасында қос анаға арнап жазба қалдырып, анасының өмірінің соңғы сәтінде айтқан сөздерін есіне алған.

"Анамның соңғы демінде өткен күндерді еске алып, құрбым күндердің күнінде артыңнан келемін деген сөзі жадымда қалып еді! Жандарыңыз жәнәтта шалқысын асыл аналарым!" – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Өнер иесінің жазбасынан оның анасының соңғы сәттері мен сол кезде айтылған сөздердің жадында ерекше сақталғанын аңғаруға болады.

Кенжебек Жанәбілов Сәкен Майғазиевтің марқұм анасының бейнежазбасын жариялау арқылы өмірден өткен аналарды еске алып, оларға деген сағынышы мен құрметін білдірді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер