Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Күләнда Ұзақбаева | өмірбаяны

Күләнда Ұзақбаева |  өмірбаяны

Күләнда Ұзақбаева 1926 жылы 23 желтоқсанда бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 

1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих-филология бөлімін үздік бітірген. Одан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер, 1951–1986 жж. «Жазушы» баспасында редактор болып жұмыс істеген. Майдан және еңбек ардагері.

Негізінде көркем аударма саласында еңбек етті. Ш.Перроның «Ғажайып ертегілерін» (1952), Л.Воронкованың «Қаладан келген қыз» повесін, (1954), Д.Ро-даридің «Телефонмен айтылған ертегілерін» (1973), С.Алексеевтің «Суворов және орыс солдаттары туралы» әңгімелерін (1965), С.Разияның «Суман» атты романын (1977), Э.Эриликтің «Марыкчан балалары» повесін (1957), ноғай жазушылары С. Қапаевтың «Таза су толғауы» повесін (1983), И. Қапаевтың «Сынтаслы туралы толғауын» және балаларға арналған «Азия халықтарының ертегілерін», «Қызыл телпек» ертегілер жинағын (2006) сондай-ақ үш көркем фильмді қазақшаға аударған.

1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысының жеңісіне арналған медальмен, «Баспа үздігі» белгісімен марапатталған.

Автор
Жандос