Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Күлән Шілдебаева | өмірбаяны

Күлән Шілдебаева |  өмірбаяны

Күлән Шілдебаева (1929–2000)

29 желтоқсанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған.

Ауыл мектебін бітіріп, Қазақтың қыздар педагогикалық институтына түскен. Институтты бітірген соң, Алматыда орта мектепте мұғалім болған. 1957 жылдан бері Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, ұстаздық етті.

Бірнеше жыр жинағы, таңдамалысы жарық көрген. Тұңғыш жинағы 1962 жылы шыққан. Ондаған ән мәтіндерінің авторы. Бірқатар өлеңдері орыс тіліне аударылған.

Шығармалары: Тұңғыш кітап. А., ҚМКӘБ, 1962; Арманым. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Қыз көңіл. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Бойжеткендер. Өлеңдер мен дастан. А., «Жазушы», 1974; Іңкәрім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Меруерт-гүл. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1982; Можжевельник. Стихи. М., «Советский писатель», 1986.

Автор
Жандос