KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Күйеуімнің үйінен қашып кеттім”: Абай Бегейдің қызы сырымен бөлісті

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат отбасын құру тарихын айтып, жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің қызы бұл оқиғаны бұған дейін әлеуметтік желіде ашық айтпағанын жеткізді. Оның айтуынша, жігіттің үйіне барғаннан кейін ол ол жерден қашып кеткен. Кейін болашақ жарының отбасы әкесіне барып, оның келісімін алған.

«Мен 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызымын. Күйеуге шығамын деп мүлде ойламадым. Күйеуімді қазір көпшілік жақтырмауы мүмкін. Бірақ шындықты айтайын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде ол мені алып қашып кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде айтқан жоқпын.

Мені алып кеткеннен кейін оның үйінен қашып кеттім. Кейін олар әкеме келіп, рұқсатын алды. Қазір бұған еш өкінбеймін. Күйеуім екеуміз бірге түрлі қызықты сәттерді бастан өткеріп жүрміз», – деді Сымбат.

Сымбат қазіргі отбасылық өмірі туралы да айтып, шаңырағында өзіне қысым көрсетілмейтінін атап өтті. Оның сөзінше, күйеуі оның еркіндігіне шектеу қоймайды. Сондай-ақ қайын атасы мен енесімен қарым-қатынасы да жақсы екенін жеткізді.

Әншінің қызы 18 жасында ана атанған. Қазір оның бір ұлы бар. Сымбаттың айтуынша, отбасылық өмірінде түрлі қызықты кезеңдерді бірге өткеріп келеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →