KZNews.kz
Жаңалықтар

"Күйеуімді үйден қуып жібердім": Дина Төлепберген үлкен жаңалықтың алдында тұрғанын айтты

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналист әзіл мен шындықты араластыра отырып, өткен аптада күйеуін IELTS емтиханына мұқият дайындалуы үшін үйден "қуып жібергенін" айтты. Оның сөзінше, жұбайына:

"Алаңдамай дайындал. Тапсыра алмасаң, келмей-ақ қой", – деп қалжыңдаған.

Дегенмен сырттай сабырлы көрінгенімен, іштей екеуінің де қатты толқығанын жасырмайды.

Дина Төлепберген IELTS-ті жай ғана сынақ емес, өмірлік маңызды кезеңдердің бірі ретінде сипаттайды. Соған қарамастан, жолдасы ағылшын тілін ұмытпағанын дәлелдеп, 7.0 балл жинаған. Журналист бұл нәтижені жоғары бағалап, жұбайының әлеуеті бұдан да мықты екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол өзі де дәл осы емтиханға дайындалып жатқанын жеткізді. Сынақтан кейін күйеуінен алған әсерін жазып беруін сұрап, сол мәтінді өзгеріссіз жариялағанын айтты. Оның ойынша, бұл тәжірибе өзгелерге де мотивация болуы мүмкін.

"42 жаста біз қайтадан студент секілдіміз. Қайта оқып жүрміз. Жаңа мақсат қойдық. Ізденсең, миың да, өмірің де жасарады екен. Үлкен жаңалықтардың алдында тұрғандаймыз", – деп жазды тележүргізуші.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →