Атырауда әлеуметтік желідегі жазбаларынан кейін полиция қызметкерінің басы дауға қалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Мәліметке сәйкес, полиция қызметкері әлеуметтік желіде тінту мен тергеу әрекеттерінен фото-видеолар жариялап, кей адамдарға қатысты балағат сөздер қолданған. Атап айтқанда, ол жазбаларында адамдарды «сучки и шакалы» деп атағаны айтылып отыр.
Бұл жарияланымдарға Атырау қаласының тұрғыны назар аударып, мұндай әрекет құқық қорғау органы қызметкерінің әдебіне сай келмейтінін және ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіретінін мәлімдеген.
Шағымнан кейін Ішкі істер министрлігіне қарасты департаментте қызметтік тексеру жүргізілген.
Атырау облыстық полиция департаменті қызметкердің қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
– Қазіргі уақытта ұжым арасында қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомстводан.
Айта кетейік, әлеуметтік желідегі этика мен мемлекеттік қызметкерлердің онлайн-мінез-құлқы қоғамда жиі талқыға түсіп келеді.
Желі қолданушылары белгісіз жанның кім екенін анықтауға тырысып, түрлі болжам айтуда. Ал көпшілік үшін ең маңыздысы – оның аты-жөні емес, адамдарға шынайы көмек көрсетіп жүргені екені айтылып жатыр.