Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Куәлігінен айырып, тест тапсырту керек: Қазақстанда жоғары жылдамдықпен жүретін жүргізушілерге жазаны күшейту ұсынылды

Куәлігінен айырып, тест тапсырту керек: Қазақстанда жоғары жылдамдықпен жүретін жүргізушілерге жазаны күшейту ұсынылды
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары, сенатор Марат Қожаев жоғары жылдамдықпен жүретін жүргізушілерге қатысты жазаны күшейтіп, тіпті жүргізуші куәлігінен айыруға және ақыл-есі дұрыстығына арнайы тест тапсыртуға дейін шара қолдану керектігін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Марат Қожаевтың айтуынша, Қазақстан қалаларындағы көшелер мен даңғылдарда көше жарыстары жиілеп барады. Полиция көше жарысушыларын назардан тыс қалдырмайды, бірақ «әрқайсысына бір полицей қою мүмкін емес».

«Әрбір жүргізушіні жеке бақылауға шамамыз жетпейді. Сондықтан ойын ережесін өзгерту керек. Мұндай құқық бұзушыларға қатысты заңды күшейту қажет», - деді сенатор.

Оның пікірінше, Қазақстандағы жүргізушілердің шамамен 95 пайызы жол ережесін сақтайды. Ал 5–6 пайызы үнемі тәртіп бұзады, кейбірі жүздеген рет құқық бұзушылық жасайды. Дәл осы топқа қатысты қатаң шаралар қолдану қажет.

«Ең алдымен оларды барлық “жеңілдіктерден” айыру керек. Айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастау қажет. Егер ол жүйелі түрде бұзса, толық төлесін. Жүргізуші куәлігін алып қойып, қайта тапсыруға жіберу керек. Германияда мұндай жүргізушілерге арнайы “есі дұрыстығы тесті” бар. Тіпті соған дейін бару керек», - деді ол.

Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында тағы бір өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып, ол қаза тапты. 21 наурызға қараған түні сол даңғылда Zeekr электромобилі қарсы жолаққа шығып кетіп, шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігін соққан. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында қайтыс болды. Ал Zeekr жүргізушісі тірі қалып, жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін Алматы полициясы қалада жол ережесін өрескел бұзу жағдайлары, оның ішінде қауіпті жүргізу көбейгенін хабарлаған. Жағдайды тұрақтандыру үшін бақылау күшейтіліп, рейдтер өткізілуде. Осындай рейдтердің бірінде Әл-Фараби даңғылында көлігін сағатына 250 шақырым жылдамдыққа дейін жеткізген жүргізуші анықталды. Оның жеке басы анықталып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі