Иран футболшылары АҚШ-қа «168» деген ерекше сыймен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

КТК телеарнасы Назарбаев қорына тағы да дивиденд төлемейді

КТК телеарнасы Назарбаев қорына тағы да дивиденд төлемейді
РИА Новости / Сергей Гунеев

КТК телеарнасы 2025 жылдың қорытындысы бойынша шығынға ұшыраған. Осыған байланысты компанияның ірі акционері саналатын Нұрсұлтан Назарбаев қорына тағы да дивиденд төленбейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы мәлімет Қаржылық есептілік депозитарийіне жолданған құжатта көрсетілген. Онда акционерлердің 28 мамырда өткен жиналысында қабылданған шешімдері жазылған.

Компания акционерлері 2025 жыл шығынмен аяқталғандықтан, таза табысты бөлмеу туралы шешім қабылдаған. Соған сәйкес, КТК-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу тоқтатылды. Айта кетейік, телеарна 2022, 2023 және 2024 жылдардың қорытындысы бойынша да дивиденд төлемеген.

Құжатта Директорлар кеңесінің мүшелері, бас директор және басқарма құрамындағы тұлғалар да 2025 жылдың нәтижесі бойынша сыйақы алмайтыны көрсетілген.

Тек басымдыққа ие акциялар бойынша ғана төлем жасалады. Бұл қаражат бұрын жинақталған қордан бөлінеді. Бір акцияға 100 теңгеден есептелген. Компания жарғысына сәйкес, мұндай 500 акция бар. Демек, төлемнің жалпы көлемі 50 мың теңгені құрайды.

Акционерлер жиналысында аудиторлық ұйымды ауыстыру мәселесі де қаралған. КТК-ның 2026-2028 жылдардағы қаржылық есебін тексеру «Kaz Audit Finance» компаниясына тапсырылды. Сонымен қатар Есеп комиссиясының құрамы жаңартылып, оған үш жаңа маман енгізілген.

Egov мәліметіне сәйкес, КТК телеарнасының 105 құрылтайшысы бар.

ҚЕД сайтында компанияның 2025 жылғы қаржылық есебі әлі жарияланбаған. Ал бұған дейінгі есептерге қарағанда, 2024 жыл телеарна үшін табысты болған. Екі жыл бұрын КТК-ның таза пайдасы 67,4 млн теңгені, ал 2023 жылғы табысы 64,9 млн теңгені құраған.

Компанияның тауарлар мен қызметтерді өткізуден түскен табысы 5,7 млрд теңге болған. Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 4,7 млрд теңгеге жеткен, ал жалпы табыс 970,2 млн теңгені құраған. Салық төлеуге дейінгі пайда 94,9 млн теңге болған.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры 2000 жылы құрылған. Қордың негізгі қызметі дарынды жастарды қолдау, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамыту, сондай-ақ сараптамалық-талдау бағытындағы жұмыстарды ілгерілетуге бағытталған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер