Тоқаев: Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатып, уақытша бітімге келуі қажет
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Креативті кит”: Құдалықтағы ақшадан жасалған шапан мен гүл қызу талқыға түсуді

“Креативті кит”: Құдалықтағы ақшадан жасалған шапан мен гүл қызу талқыға түсуді
Фото: видеодан скриншот

Threads әлеуметтік желісінде құдалық рәсімінен түсірілген ерекше видео көпшіліктің назарын аударды. Онда құдалардың біріне сыртқы бөлігі түрлі номиналдағы қағаз ақшалармен көмкерілген шапан жабылғаны көрсетілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Жазба авторы бұл сыйлықты дәстүрлі киіттің заманауи үлгісі ретінде ұсынып, оқырмандардан мұндай бастамаға қатысты пікірлерін білдіруді сұраған.

Бейнежазба қысқа уақытта әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қызу пікірталасқа себеп болды. Кейбір қолданушылар мұны ұлттық салт-дәстүрді өзгеше форматта дәріптеудің тың тәсілі деп бағалап, ерекше идеяға оң бағасын берді. Олардың пікірінше, егер шапанға бекітілген банкноттар кейін алынып, иесіне табысталатын болса, мұндай сыйлықтың еш оғаштығы жоқ.

Алайда желі қолданушыларының енді бір бөлігі бұл әрекетті орынсыз даңғойлық пен ысырапшылдықтың белгісі деп сынға алды. Олар құдалықтағы киіттің мәні материалдық құндылықты көрсету емес, екі жақтың өзара құрметі мен сыйластығын білдіруде екенін айтты.

Пікір білдірушілердің арасында қазіргі таңда той рәсімдерінде көзге түсуге, жұртты таңғалдыруға бағытталған үрдістердің көбейіп кеткеніне алаңдаушылық танытқандар да болды. Олардың сөзінше, мұндай әрекеттер ұлттық дәстүрдің мазмұнын өзгертіп, оның тәрбиелік әрі рухани маңызын кейінгі орынға ысырып барады.

Әзірге видеодағы шапанның нақты құны, оған қанша қаражат жұмсалғаны және банкноттардың кейін қалай пайдаланылғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Сондықтан әлеуметтік желідегі талқылаулар бейнежазбада көрсетілген көрініс пен қолданушылардың жеке пікірлеріне негізделіп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.