Қоғам

“Көзілдірігінің әйнегі көзіне кірген” - Ақтөбеде оқушы төбелестен соң көз жанарынан айырылған

“Көзілдірігінің әйнегі көзіне кірген” - Ақтөбеде оқушы төбелестен соң көз жанарынан айырылған

Оқиға түнгі уақытта болған, бейнебақылау камералары да түсіріп алған. Кадрларда жасөспірімнің өз қатарластарынан қорғанып жүрген сәті анық көрінеді. Бір мезетте оның бетіне қатты соққы тиіп, көзілдірігі сынып, әйнек сынығы көз жанарына кіріп кеткен.

Тамерлан — джиу-джитсу спортымен айналысқан жас спортшы. Алайда жарақат салдарынан қазір жарысқа түсу түгілі, күннің жарығына қарауы да қиындап қалған. Туыстарының айтуынша, ол сабаққа да бара алмай отыр. Алда ұзақ уақытқа созылатын ем-дом мен бірнеше операция күтіп тұр.

Бастапқыда іс «Бұзақылық» және «Орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру» баптарымен тергелген. Алайда кейіннен «Бұзақылық» бабы тоқтатылған. Жәбірленушінің жақындары енді қалған баптың да жеңіл санатқа ауысып кетуінен алаңдап отыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz