34 жастағы Брианна Лафферти сирек кездесетін, өмірге қауіпті неврологиялық дертпен күрескен. Ол бір сәтте денесі әлсірегенін сезген. Сол кезде әйелдің жаны денесінен шығып, жоғарыда қалқып тұрғандай болған, кейін уақыт мүлде тоқтап қалған белгісіз бір кеңістікке өткен, деп хабарлайды kznews.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, ол «дайынсың ба?» деген дауысты естіп, келісім берген соң қою қараңғылыққа енген.
Брианна бұл тәжірибе оған өлімнің шын мәнінде елес екенін ұқтырғанын айтады.
«Өлім — бұл иллюзия, өйткені біздің жанымыз ешқашан өлмейді», — деді ол.
«Біздің санамыз өмір сүруін жалғастыра береді. Ал біздің болмысымыз тек басқа күйге ауысады. О дүниеде менің ойларым бірден жүзеге асып жатты. Сол жерде ойдың шындықты қалыптастыратынын түсіндім, тек оған уақыт керек, әрі бұл — бір игілік».
Әйелдің айтуынша, адам өзіндегі жағымсыз ойларды да жақсы нәрсеге айналдыра алады. Бұл тәжірибеден кейін ол өмірге басқаша қарай бастаған.
«Мен өзімді әлдеқайда сенімді сезінемін және өмірдегі оқиғаларға, әсіресе қиын сәттерге сеніммен қараймын. Артыма қарап, не үшін ауырғанымды, не үшін түрлі сынақтардан өткенімді анық түсінемін», — дейді ол.
Сондай-ақ Брианна енді ештеңе кездейсоқ болмайтынына сенетінін айтып, өмірді сабырмен қабылдауға тырысатынын жеткізді. Оның пікірінше, ой мен сезімнің күшін түсіну адамға алғысқа толы өмір сүруге көмектеседі.
