ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Көз тимесін": Ерекше отбасылық суретін бөліскен Төреғали елді тәнті етті

"Көз тимесін": Ерекше отбасылық суретін бөліскен Төреғали елді тәнті етті

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі Дубайдағы демалысынан ерекше отбасылық суретін жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі осы жылы туған күнін шетелде атап өтуді жөн көрген. Бұл демалысқа ол өзінің отбасы мен ата-анасын да алып барған. Жұлдызды әулет әлеуметтік желілерде Дубайда түскен фото мен видеоларын белсенді түрде жариялап жүр. "Ұлы дала баласы" бүгін Instagram парақшасында жанұясының ерекше суретін бөлісіп, елді тәнті етті. Фотода отбасы мүшелерінің барлығы бой көрсеткен. Олардың арасында тек Төреғалидің тұрмысқа шыққан қарындасы Фариза ғана жоқ. Желідегілер жұлдызды жанұяға сүйсініп, оларға өзінің жылы лебіздерін жарыса білдірді. "Керемет отбасы", "Үлгілі жанұя", "Көз тимесін. Осындай бақытты күндеріңіз көп бола берсін", "Бақытты болыңыздаршы. Сондай керемет жандарсыздар", "Отбасыңмен өткізген әр сәт бағалы. Қуаныштарыңыз еселене берсін", - деп жазды көпшілік.

Алайда, кейбір оқырмандарға әншінің суреті ұнамай қалған. Олар Төреғали мен Толқынды өздері отырып алып, ата-анасын тұрғызып қойғаны үшін сынап тастаған. "Ата-анаңды отырғызып, өздерің тұрмайсыңдар ма", "Өздеріңіз отырып алғандарыңыз бір түрлі болыпты", "Ата-анаңызды тұрғызып қойғаныңыз дұрыс болмапты", - деп наразылығын білдірді олар.

Автор
Данияр