KZNews.kz
Спорт

Коточигов титулды жекпе-жекте жеңіске жетті

KZNEWS

Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов кәсіпқой рингте сегізінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 жастағы боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта Польшаның халықаралық чемпионы титулы үшін жұдырықтасқан. Оның қарсыласы поляк Петр Гудель болды.

Кездесу Польшаның Легенево қаласында өтті.

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңіп, титулға ие болды.


Дереккөз: prosports.kz/kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары