Корпоративтік несие портфелі: шағын бизнес әлі де мемлекеттік қолдауға тәуелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Корпоративтік несие портфелі: шағын бизнес әлі де мемлекеттік қолдауға тәуелді

Корпоративтік несие портфелі: шағын бизнес әлі де мемлекеттік қолдауға тәуелді
Фото: afk.kz

Биылғы бірінші тоқсанда шағын бизнес корпоративтік несие портфеліндегі жетекші орнын сақтап қалды. Оның берешегі жалпы корпоративтік несиелердің 47,3 пайызын құраған. Бұл туралы Қаржыгелер қауымдастығының кезекті талдауында айтылған.

Алайда, жаңадан берілген несиелердегі үлес әжептәуір төмендеді. Мәселен, бір жыл бұрынғы 41,5 пайыздан 38,4 пайызға дейін азайған бұл көрсеткіш банктердің жаңа қаржыны ірі кәсіпорындарға көбірек бағыттай бастағанын көрсетеді екен.

Сонымен бірге шағын бизнестің қаржылық жағдайы жақсарып келеді деуге болады. Өйткені, несие өтінімдерін мақұлдау деңгейі мен банктер берген қаржы көлемі өскен.

Жалпы, несиенің негізгі бөлігі әлі де айналым қаражатын толықтыруға жұмсалады. Оның үлесі 62,4 пайыз. Дегенмен ұзақ мерзімді несиелердің артуы кәсіпкерлердің бизнесті кеңейтуге және жаңғыртуға қаржы сала бастағанын аңғартады.

Бұл жерде мемлекеттік қолдау бағдарламаларының маңызы жоғары екенін айтуымыз керек. Себебі, жеңілдетілген қаржы шағын бизнестің инвестициялық белсенділігін сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Ал мерзімі өткен берешектің аздап өсуі әзірге несие портфелі сапасының айтарлықтай нашарлағанын білдірмейді. Бұл көбіне портфельдің ұлғаюы мен оның табиғи түрде ұлғаюына байланысты қалыптасқан жағдай көрінеді.

Әлбетте, жылдың екінші тоқсанында шағын бизнесті несиелеу қарқынының жандануы күтіліп отыр. Бұған банктердің қор жинау құнының төмендеуі және іскерлік белсенділіктің өсуі әсер етуі мүмкін. Ал сегменттің кейінгі жағдайы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне, ақша-несие саясатына және банктердің несие сапасын сақтай алуына байланысты болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.