Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян Уханьдағы індетті локализациялау кезінде қол жеткен табыстарға қарамастан, коронавирустық індеттің елде жалғасатынын хабарлады.
Оның айтуынша, жақын уақытта шығындарды азайту және әлеуметтік - экономикалық даму міндеттерін орындау үшін «күш - жігерді екі есе көбейту» қажет болады.
«Қазіргі уақытта індет әлі аяқталған жоқ, дамуды алға жылжыту кезінде біздің алдымызда тұрған міндеттер өте үлкен», - деді Қытай үкіметінің отырысында премьер - министр.
Мемлекеттік кеңес басшысы Қытай құрылғаннан бері денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен қиындықтарға тап болғанын мойындады.
Сонымен қатар, Қытайдың өз тарихындағы бұрын - соңды болмаған сынақтарды жеңуге барлық мүмкіндігі бар, олардың көпшілігі әлі алда.
«Қазіргі уақытта және жақын болашақта Қытай бұрын - соңды болмаған сынақтармен бетпе - бет келеді», - деді ол.
Кэцян пандемия Қытайдың басқа елдермен сауда - экономикалық ынтымақтастығын белсенді дамытуға кедергі келтірмейтініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Бейжің COVID - 19 - мен күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және пандемиядан зардап шеккен әлемдік экономиканы тұрақтандыруға көмектеседі.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты