KZNews.kz
Әлеумет

Коронавирус қайта оралды ма? - Астанада санитарлық шектеулер күшейтілді

Азамат Қойшығара
Ашық дереккөзден

Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың өсуіне байланысты санитариялық індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды күшейту туралы қаулы қабылдады.

Астанада сырқаттанушылық қалай өсіп жатыр?

Құжатта көрсетілгендей, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Астана қаласында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың артқаны байқалады.

Соңғы, 45-аптада қалада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелген. 44-ші аптамен (2025 жылғы 30 қазан – 5 қараша) салыстырғанда сырқаттанушылық 1,5 есе артқан (ол кезде 14 994 жағдай болған).

14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 60% құрайды – 14 018 жағдай.

Мектеп оқушылары жалпы сырқаттанғандардың 25%-ын (5 752 жағдай) құрап отыр, өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,1 есеге өскен. Әсіресе 1-4 сыныптарда сырқаттанушылық жоғары – 30% және одан да көп.

Лабораториялық мониторинг барысында ЖРВИ мен тұмаумен ауыратын пациенттерден алынған 285 сынама зерттелген. Соның 116 сынамасы оң нәтиже көрсеткен, барлығы да A(H3N2) тұмау вирусы. Бұдан бөлек, 6 жағдайда COVID-19 анықталған.

14 жасқа дейінгі балалар арасында A(H3N2) тұмауы 26 жағдайды немесе 22%-ды құрайды.

Қаулыда Астана қаласының аудан әкімдері, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, білім беру ұйымдарының басшылары, ұлттық сараптама орталығының қалалық филиалы, қалалық жедел жәрдем станциясы және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына нақты міндеттер жүктелген.

Емханалар мен амбулаторияларға қатысты талаптар

Ауруханалар, перзентханалар және стационарлар

Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мен босандыру ұйымдары:

Қалалық жедел жәрдемге қатысты тапсырмалар

Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына:

Мектептер мен балабақшалар: қашықтан оқу және таңғы сүзгі

Астана қаласының Білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасымен және МСАК ұйымдарымен бірлесіп, барлық білім беру ұйымдарында мына шараларды қамтамасыз етуі тиіс:

Қаулыда эпидемияға қарсы іс-шаралар Астанада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жалғасатыны көрсетілген.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →