KZNews.kz
Шоу-бизнес

Коронавирус кезіндегі қауіпті дәрі-дәрмектер тізімі айтылды - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

Вирусолог дәрігер Надежда Жолобак "Вечерняя Москва" газетіне берген сұхбатында коронавирус кезіндегі қауіпті дәрі-дәрмектерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл препараттарға стероидты емес, қабынуға қарсы препараттар тобы жатады, олар: ибупрофен, аспирин, вольтарен, диклофенак және напроксен. Дәрігер түсіндіргендей, Франция мен Италия зерттеушілерінің тәжірибесі көрсеткендей, бұл дәрі-дәрмектер ағзадағы вирусты одан да сезімтал етеді. "Сондықтан ешқандай да аспириндерге жол жоқ", - деді Жолобак.

Оның айтуынша, бұл препараттар коронавирус үшін пайдалы орта жасайды, бұл инфекцияның өкпеге енуін жеңілдетеді, бұл қабыну процесіне, пневмонияға және альвеолалардың зақымдалуына әкеледі.

Дәрігер кейбір батыс дәрігерлері парацетамолды COVID-19-мен бірге қолдануға болады деп мәлімдеді. Алайда, Жолобак оны қолдануды ұсынбайды, өйткені препараттың коронавирусқа әсері толық зерттелмеген және "зардаптарын болжау мүмкін емес".

Сонымен қатар, вирусолог ауырсынуды басатын препараттар мен кез-келген анальгетиктер тыныс алудың асқынуын және әртүрлі патологияларды тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

Ол жоғары температурада дәрігермен кеңесіп, өздігінен емделмеу керектігін айтты. Дәрі-дәрмекті тек дәрігер ғана тағайындай алады, деп қорытындылады Жолобак.


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары