Қазақстанда денсаулық және туризм вице-министрі тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көрнекті ғалым Әлия Бейсенова өмірден өтті

Көрнекті ғалым Әлия Бейсенова өмірден өтті
Айтжан Мұрзанов

География ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Сәрсенқызы Бейсенова дүниеден өтті, деп kznews.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлия Бейсенова отандық география және экология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдардың бірі еді. Ол ұзақ жылдар бойы ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып, ұлттық ғылымның өркендеуіне еңбек сіңірді. Көптеген шәкірт тәрбиелеп, іргелі ғылыми еңбектер жазды.

Әлия Сәрсенқызы қазақ әдебиеттану ғылымының белгілі тұлғасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Қирабаевтың өмірлік жары әрі сенімді серігі болды. Ғылым мен білім жолына ғұмырын арнаған бұл әулеттің өнегелі өмірі кейінгі ұрпақ үшін үлгі болып қала бермек.

Марқұм М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымына да ерекше ықыласпен қарап, мекеменің жетістіктеріне қуанып, үнемі қолдау білдіріп жүрген жан еді. Оның парасатты болмысы, мейірімді жүзі мен қамқорлығы институт қызметкерлерінің есінде сақталады.

Осы ауыр қазаға байланысты М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымы мен институт директоры Кенжехан Матыжанов Қирабаевтар әулетіне, туған-туыстарына, жақындары мен шәкірттеріне қайғыра көңіл айтты.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер