KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Көрмегеніміз жоқ”: Тұрсынбектің тоқалы алғаш рет ашық мәлімдеме жасады

Ayzhan Sylanova

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өз өміріне қатысты мәлімдеме жасап, соңғы жылдардағы қиындықтар мен сынақтар туралы ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол TikTok парақшасында әзілкешпен бірге түскен суреттерін жариялап, жазба қалдырған.

«Біз бірге жүргенімізге 14 жыл болды. Осы уақыт ішінде қуаныш пен қиындықты да қатар көрдік. Бірақ бәрінен де бірге өттік. Жыл өткен сайын сабырлы, сенімді және мені шынайы түсінетін адамның жанымда жүргеніне шүкіршілік етемін. Бәрі үшін ризамын», – деп жазды Айман Талғатқызы.

Желі қолданушылары бұл жазбаға белсенді пікір білдіріп, қызу талқылап жатыр. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі әзілкештің алғашқы жары Мөлдір Мұқанованы қолдап, екінші жұбайының бұл әрекетін үлгі етуге болмайтынын айтып жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары