Көркем әдебиет: Алма
Автор: Жумаханова Гулжайна Алдабергеновна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-03
Материал туралы қысқаша түсінік
Бүлдіршіндерге жемістер туралы түсінік беру олардың түрі дәмі пайдасы туралы толық мәлімет беру
| МАД | Тәрбиеші:Жумаханова Г | Уақыты: | Кабинет: |
| Тақырыбы | Алма | ||
| Сабақтың мақсаты | Тақырыпты зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны боыйнша қойылған сұрақтарға жауап беруге ынталарын арттыру. | ||
| Көрнекіліктер | Үлестірмелі суреттер, плакат т.б | ||
| Іс-әрекет кезендері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс — әрекеті | |
| Психологиялық ахуалды қалыптастыру | Күндей күлейік!Әдемі боп жүрейік!Балдай тәтті болайық!Досымыз көп болсын! | Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | |
| Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ | Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне алма беріп, жылы лебіздерін білдіреді.- Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!- Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол!Педагог:- Қазір жылдың қай мезгілі?- Күз мезгілі неше айдан тұрады?- Күз айында қандай жемістер піседі?- Алма, алмұрт, шие, жүзім.Дидактикалық ойын: «Дәмін тап».Ойын шарты: педагог жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.Дәптермен жұмыс: «Алма» ертегісін балаларға оқып, әңгімелеп беру. Педагог:- Жылдың қай мезгілі еді?- Жабайы алма қайда қалды?- Алманы кім көрді?- Қоян Қарғаға не деді?- Қарға не істеді?- Кірпі нені алып кетті?- Үшеуі қайда барды?- Аю не деп жауап берді?- Қандай мақал айтты? Балалар жауап береді.«Береке басы бірлікте» - жоғары дауысорта дауыстөмен дауыста айтылады.Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.- Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық. | Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. | |
| Сергіту сәті | Аю жүрген орманның,Құлпынайы көп екен.Теріп, теріп алайық,Қалтамызға алайық. | Оқушылар ойын ойнайды | |
| Рефлексивті — түзетушілік | Галлерияны шарлау: Жақсы, әдемі жапсырылған суреттерді балалар өздері таңдайды.Түзетуші, қорытындылаушы кезеңСуретті әдемі жапсырған балалар марапатталып, ескерткішке «Алтын алманың» суреті беріледі.Суреттің бояңдар | Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | |
| Күтілетін нәтиже: | |||
| Білу | Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. | ||
| Өзіне үйренгені | Жаңа білімді түсінеді | ||
| Үйрену | Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.