Бұған дейін, 2001 жылы, Жанат Ертлесова қысқа уақыт Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған. Сондықтан Татьяна Савельеваның тағайындалуы шамамен 25 жылдан кейін қайталанып отырған жағдай.
Татьяна Савельева кім?
Татьяна Михайловна Савельева 1976 жылғы 11 сәуірде дүниеге келген.
Ол экономика саласында білім алған. 2001 жылы Ақмола аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Еуразия ұлттық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білімін жалғастырған.
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласының Қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған.
Кейін Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі қызмет атқарып, бюджет саясаты, мемлекеттік қаржы және жоспарлау бағыттарында тәжірибе жинаған.
2012–2016 жылдары Қаржы министрлігінің бюджет саясаты мен жоспарлау бағытына жауапты департаменттерін басқарды.
2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болып тағайындалып, бұл қызметті 2023 жылғы наурызға дейін атқарды.
Парламенттегі қызметі
2023 жылы Татьяна Савельева Мәжіліс депутаты болып сайланды. VIII шақырылымда Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы, кейін осы комитеттің төрайымы қызметін атқарды.
2026 жылғы тамызда «Әділет» партиясының атынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты болып сайланды.
Алайда 6 қазанда ол депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген. Орталық сайлау комиссиясы осыған байланысты Құрылтайға тиісті ұсыным енгізді.
7 қазанда Құрылтай оның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Көп ұзамай Ақорда Татьяна Савельеваның Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалғанын жариялады.
Қандай марапаттары бар?
Татьяна Савельева мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.