KZNews.kz
Жаңалықтар

"Көре алмай, жеп бара жатыр": Абай Бегейдің әйелі құдағиы туралы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ozgeris.info

Абай Бегейдің екінші жұбайы Фариза әлеуметтік желіде өзіне айтылған сындарға жауап беріп, желі қызу талқылаған жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Көпшілік оның құдағиынан сыйлыққа құндыз тон алғанын сынап, бұл әрекетін мақтаншақтық деп бағалаған. Фариза өзіне бағытталған сынға ашық түрде жауап берді:

«Сыйлыққа шуба алдым деп басым дауға қалды ғой. Әй, әйелдер-ай, не болды сонша!? Тек көре алмай жеп бара жатырсыңдар. Мүмкін болса, әр әйел он-он шубадан кисін, әрқайсысы лайықты ғой. Мені жамандап қоймай, құдағиыма да тиістіңдер — “мақтаншақ” деп», – деді ол.

Бұл жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, талқылап жатыр.

Айта кетейік, Абай Бегейдің қызы Сымбат 17 жасында ана атанып, енесі құдағиына құндыз тон сыйлаған болатын.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары