Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуармен бірге Америка Құрама Штаттарына саяхаттап барды. Өнер иесі баласының көптен бергі арманын орындап, қуанышты сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті.
Мадина Сәдуақасова бұл жолы ұлымен бірге АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барған. Әншінің айтуынша, әлемге әйгілі шаһарды көру Әнуардың көптен күткен арманы болған.
Өнер иесі Instagram парақшасында сапардан алған әсерін бөлісіп, баласының қуанышты сәттеріне куә болудың өзі үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізді.
"Америка, Нью-Йорк 2026. Бұл саяхат ұлымның көптен күткен арманы. Баламның бақытты сәттерін көру, мен үшін ең үлкен бақыт. Арманың асқақ болсын, Әнуарым! Әлі талай әлемді бірге аралайық бұйырса! Комментарий, лайк қалдырғандардан Америкадан сый бар жұғысты болсын деп", – деп жазды әнші.
Мадина Сәдуақасова жазбасында ұлына деген аналық махаббатын білдіріп, алдағы уақытта да онымен бірге көптеген елді аралауды армандайтынын айтты.
Әнші үшін бұл сапардың басты қуанышы Нью-Йоркті көру ғана емес, баласының көптен күткен тілегінің орындалуы болған.