life пен кайф: сақтандыру нарығы банк секторын басып оза ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көпбалалы ана 18 айлық қызын канализацияға лақтырып жіберген

Көпбалалы ана 18 айлық қызын канализацияға лақтырып жіберген
Фото: © РИА Новости/Михаил Воскресенский

Үндістанның Харьяна штатында анасы 18 айлық қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz NDTV арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Фаридабад қаласында болған. 23 сәуір күні екі мектеп оқушысы нөсер суы ағатын канализациядан металл торға ілініп қалған сәбидің денесін тауып алған.

Тергеу нәтижесінде баланың суға тірідей тасталғаны анықталды. Полиция бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтаған: кадрларда әйел баласын көтеріп кетіп, аз уақыттан кейін жалғыз қайтып келе жатқаны көрінеді.

Нилам есімді ана ұсталып, кейін өз кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, отбасында алты қыз бала болған және ауыр қаржылық жағдайға байланысты ең кішісінен құтылуға шешім қабылдаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер