KZNEWS.KZ
Әлеумет

"Көңілдесіне Cartier сатып алып жатса...": Қазақстанда шенеунікті рұқсатынсыз қай кезде суретке түсіруге болады?

• Жарқын Омаров
ozgurcankaya/Getty Images

Журналист мысал ретінде жарты миллиард теңгеге көңілдесіне Cartier әшекейлерін сатып алып жатқан шенеунікті келтірді. Ол мұндай кадрларды шенеуніктің рұқсатынсыз жариялауға бола ма деген сауал қойды.

Журналистің айтуынша, мемлекеттік қызметшілер арнайы форма кимейтіндіктен, олардың қызмет бабында жүрген-жүрмегенін анықтау қиын.

Арман Қырықбаевтың сөзінше, егер журналист шенеуніктің заңбұзушылыққа барғанын немесе қызметтік әдеп нормаларын сақтамағанын түсіріп алса, материалды жариялау үшін оның келісімін алудың қажеті жоқ.

«Мұны сіздің тараптан жасалған бұрыс әрекет деп санамаймын», – деді министр.

Ал шенеунік жұмыстан тыс уақытта балаларымен демалып жүрсе және ешқандай заң бұзбаса, оның жеке өміріне араласу дұрыс емес екенін айтты.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →