«Один дома» фильмінің 35 жылдығына орай Disney+ кинокомпаниясы Лос-Анджелесте кино тарихындағы ең танымал үйлердің бірі – басты кейіпкер Кевин Маккалистердің үйін тәтті нандардан салды, деп хабарлайды kznews.kz.
Пряник үйінің биіктігі – 8 метр, ұзындығы – 18 метр. Бұл құрылыс ресми түрде әлемдегі ең ірі тәтті наннан жасалған үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Disney+ бренд стратегиясы мен маркетинг жөніндегі вице-президенті Зак Джером:
«Disney+ бүкіл әлемдегі отбасылар үшін, соның ішінде менің өз отбасым үшін де мерекелік маусымның ажырамас бөлігіне айналған фильмді атап өткеніне қуанышты», – деді.
Үйді салу үшін 2,59 тонна ұн, 4 200-ден астам жұмыртқа, 4 400 пряник кірпіш, шатырға 800 плитка, 75 литрден астам жеуге жарамды желім және шамамен 9 кг кондитерлік мастика пайдаланылған.