Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Концерт пен фестивальдер: Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күні қалай атап өтіледі

Концерт пен фестивальдер: Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күні қалай атап өтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 4-6 шілде аралығында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған бірқатар іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына концерттер, фестивальдер, флешмобтар, көрмелер, кино көрсетілімдері және ұлттық спорт түрлерінен жарыстарды қамтитын мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мерекелік іс-шаралардың мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау және рухани құндылықтарды нығайту.

4 шілде

10:00 — «Күмбірле, қоңыр домбыра!» мерекелік концерті (Family Park);

15:00 — «Күй құдіреті» әдеби-музыкалық кеші (Жетісу аудандық кітапханасы);

19:00 — «Домбыра – дастан» мерекелік концерті («Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы алаң).

5 шілде

10:00 — 50 домбырашының қатысуымен флешмоб (Нұркент шағынауданы, 7);

11:00 — «Күмбірле, домбыра, жасай бер, Астана!» мерекелік концерті (Арбат, Жібек жолы көшесі, 100);

11:00 — Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт (Орталық мәдениет және демалыс саябағы);

16:00–20:00 — «Айнабұлақ» саябағында өтетін Dombyra Fest отбасылық фестивалі. Бағдарлама аясында шебердің сабақтары, интерактивті алаңдар, халық шеберлерінің көрмесі, фотозоналар және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады;

17:00 — «Күй күмбірі» флешмобы.

Сонымен қатар, Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістіктерінде 15 домбырашының қатысуымен түсірілген Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бейнеролик көрсетіледі.

6 шілде

15:00 — 100 домбырашы қатысатын флешмоб (Шұғыла шағынауданы, 347);

17:00 — мерекелік концерт (Амфитеатр);

19:00 — «Ұлы дала үні» фильмінің көрсетілімі (Амфитеатр).

Еске сала кетейік, Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде, ал Астана күні 6 шілдеде атап өтіледі.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.