Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Композитор Марат Омаров әнші Луинаны сотқа бермек

Композитор Марат Омаров әнші Луинаны сотқа бермек
40 жыл бойы шырқалып келе жатқан Марат Омаровтың «Анашым» әніне қатысты дау шықты, деп хабарлады Kznews.kz сайты КТКтелеарнасына сілтеме жасап.

Әнші Луина «Анашым» әнін мереке қарсаңында орындап, бейнебаян түсірген. Жазба соңына авторын Нұрлан Өнербаев деп көрсеткен.

«Ешқандай рұқсат сұраған жоқ. Біріншіден, келісімшарт болуы керек. Екіншіден, рұқсатсыз аранжировка жасаған. Одан кейін бейнебаян түсірген. Ең сорақысы мені біле тұра, авторын Нұрлан Өнербаев деп көрсеткен. Бұл іске жауап берілуі керек. Жазба түрінде келісімшарт жасалды ма?! Әріқарай істі адвокаттар жалғастырады», – деді Марат Омаров.

Басы дауға қалған әнші жеке парақшасында жазба жариялап, пікір білдірді.

«Бұл кавер цифрлық платформаларда жеке ән ретінде шығарылмады. Мен одан коммерциялық пайда көрмедім. Публикация серіктес компаниямен бірлескен жоба. Мәтінін редакторлар жазды. Менің қателігім, бастапқыда жазбаны егжей-тегжейлі қарамағаным. Біз бірден түзетулер енгіздік», – деген Луина.

Айта кетейік, әнші өнердегі ағасымен ортақ тіл табысатынына сенімді. Алайда АҚШ-та тұратын композитор бәрін заң аясында шешпек.

фото: Turkistan.kz
Автор
Данияр