Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек

Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
Фото: ашық дереккөздерден

Әлем елдері қанша жерден жасыл энергия, қауіпсіз экологиялық отын туралы айтса да, адамзаттың ежелгі жарық пен жылу көзіне айналған көмір өндірісінен түбегейлі бас тарта алмайды екен.

Керісінше, дүниежүзінде "қара маржанға" деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді-мыс. Яғни, аумағында көмір кенінің қоры мол елдер әлі де энергетикалық басымдыққа ие бола бермек. Дәл осы тізімде Қазақстан да бар. Еліміз дайын көмір кені қорының көлемі бойынша дүниежүзіндегі көшбасшылар қатарында.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы көмір қоры 33,6 млрд тоннаға бағаланып отыр. Ал қызу мол, қалдығы аз көмірге қызығушылар азайған емес. Сұраныстың артуы елдегі көмір өндірісінің жұмысына серпін беретіні сөзсіз. Мәселен, биыл елде көмір өндіру көлемін 128,9 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы бұл көрсеткіш 115 млн тонна болған. Демек, өсім шамамен 12 пайызды құрайды.

Сонымен қатар салаға құйылатын инвестиция көлемі де күрт артады. Егер 2025 жылы келісімшарттар аясындағы қаржы 305 млрд теңге болса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 553 млрд теңгеге жетпек. Бұл 81 пайыздық өсім.

Қазір елде көмір өндірумен 40 жер қойнауын пайдаланушы айналысады екен. Жыл соңына дейін қосымша 10 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізу жоспарланған.

Айтпақшы, 2025 жылы 115 млн тонна көмір өндіріліпті. Оның шамамен 85 млн тоннасы ішкі нарық пен коммуналдық қажеттіліктерді өтеуге жұмсалған. Ал қалған 30 млн тонна көмір экспортқа шығарылған. Негізгі экспорт бағыттары Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және Малайзия елдері болып отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.