ка

Команда жылдам голдан кейін, жағдайды өзгерту үшін дұрыс шешім қабылдай білді

10.03.2019 23:47
0
8

«Астана» Премьер-Лиганың алғашқы турында «Ақтөбені» қабылдап 4:1 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук журналистердің сұрақтарына жауап беріп, ойын туралы өз пікірімен бөлісті:

Команда екінші таймда босаң ойнағандай көрінді. Бұлай ойнауға ойын есебі мүмкіндік бергеннен кейін солай болды ма?

Мен олай айтпаған болар едім. Біз ойынның кейбір сәттерінде өз жоспарымызға сай ойын көрсете алмадық. Дегенмен, босаңсу болды дей алмаймын.

Юрий Перцух неліктен алаңда аз ғана ойын өткізіп жүр?

Біздің құрамда ойынға шығуға мүмкіндігі бар 20 футболшы бар. Оның 11-і негізгі құрамда алаңға шығады. Бұл сұрақты қосалқы құрамда қалған 9 ойыншыға қатысты да айтуға болады. Бұл командадағы жағдайларға байланысты қабылдаған бапкерлер құрамының шешімі.

Жылдам гол командаға қосымша күш берді дей аласыз ба?

Жоқ, керісінше ол біздің көңіл-күйімізді түсіргендей болды. Біздің футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Команда жылдам голға қарамастан, тез ес жиып, жағдайды өзгерту үшін дұрыс шешім қабылдай білді.

-  Юрий Логвиненко алаңда бірнеше позицияда ойнай алатын бесаспап ойыншы. Оны «Астана» құрамында алдағы уақытта орталық жартылай қорғаушының міндетін атқаратын ойыншы ретінде көреміз бе?

Ол шынымен де нағыз бесаспап ойыншы. Мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін. Ол біздің тактикалық жүйе бойынша 3-5 позицияда еркін ойнай алады. Ол қазіргі уақытта орталық жартылай қорғаушының міндетін атқаруда. Бірақ ол маусым барысында алаңның басқа бөлігінде ойнауы мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймын.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий