KZNEWS.KZ
Қоғам

Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды

• Айжан Сыланова
Фото: pixabay

Көлсай көлдерінде демалып жүрген 16 жастағы қызды жылан шағып алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға орнына өзге демалушылар құтқарушыларды шақырған. Мамандар зардап шеккен жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін оны медициналық мекемеге жеткізді.

Төтенше жағдайлар министрлігі күннің жылынуына байланысты жыландардың белсенділігі артатынын ескертті. Осыған байланысты табиғат аясында демалғанда белгіленген бағыттан шықпау, аялдайтын орынды мұқият тексеру және бауырымен жорғалаушыларға жақындамау қажет.

Мамандардың айтуынша, жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →