“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көлікті мас күйінде жүргізген имам жұмысынан босатылды

Көлікті мас күйінде жүргізген имам жұмысынан босатылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін сотқа тартылған Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілде күні Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде автокөлікке отырып, жол ережесін бұзғаны үшін он бес тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын жазған едік.

ҚМДБ өз қызметкеріне қатысты ресми түсініктеме беріп, оның қызметінен кеткенін мәлімдеді.

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды», - делінген хабарламада.

Автор
Еркебұлан