KZNews.kz
Әлеумет

Көлік алудың жаңа жолы: автосалондар лизинг шарттарын жариялайды

Азамат Қойшығара
Ашық дереккөзден

Автокөлікті лизингке алу бағдарламасы аясында қандай талаптар ескерілген? Бұл сұраққа Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz

- Ішкі сауда бойынша тиісті түзетулер енгізілді. Жаңа көлікті жеке адамдардың пайдалануына беру үшін автолизинг тетігі қамтылған. Бұл тұрғыда автокөлікті кейіннен сатып алу немесе кері қайтару құқығы бар. Осы процедура азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы, коммерциялық шартты, пайыздық мөлшерлемені жеке тәртіпте лизинг берушілер айқындайды. Әр автосалон лизинг бойынша өз талабын қояды. Атап айтқанда, автокөлікті жеңілдетілген несие шарттарымен беру құзыреті Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қатысты болғандықтан, ішкі регламентті осы ведомство пысықтайды, - деді А. Әбілдабеков.

Осы орайда ол бұл жаңа тетік арқылы халыққа автокөлікті лизингке алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

- Сонымен қатар, Қазақстанда шығарылған көліктердің сатылымына жағдай жасалады, - деді вице-министр.

Бұған дейін 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған жаңа автолизинг бағдарламасы іске қосылатыны хабарланған болатын.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары