300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көлігінен марихуана табылған Navai-ға қатысты іс тоқтатылды: рэпер Реейге ұшып кетті

Көлігінен марихуана табылған Navai-ға қатысты іс тоқтатылды: рэпер Реейге ұшып кетті
Фото @navaib в Instagram

Жамбыл облысында көлігінен марихуана табылған ресейлік рэпер Наваи Бакировқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Әнші Қазақстаннан шығарылған. Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Полицияның мәліметінше, істі тоқтату кезінде рэпердің құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және жасаған әрекетіне шын өкінгені ескерілген. Процестік шешімді қадағалаушы орган бекіткен.

Ведомство қылмыстық істің ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы

13 қазанда ресейлік рэпер Navai Қазақстанға Қырғызстаннан кірмек болған кезде Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу бекетінде ұсталды. Оның көлігін тексеру барысында 2,5 грамм марихуана табылғаны хабарланды.

Осы дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу және есірткіні заңсыз сақтау белгілері бойынша тергеу басталған. Кейін сот әншіні екі айға қамауға алуға санкция берген.

Navai бұған дейін Бішкекте концерт берген. Ал 14 қазанда Астанада жеке концерті өтуі керек еді. Алайда ұйымдастырушылар іс-шараны басталуына төрт сағат қалғанда техникалық себептерге байланысты тоқтатты. Көрермендерге билеттердің ақшасын қайтару мүмкіндігі ұсынылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі