Қоғам

Көктөбеде «Жаңа ритмге қосыл» атты фестивалі өтті

Көктөбеде  «Жаңа ритмге қосыл» атты фестивалі өтті
Сурет: Жаңа Адамдар

Алматыда «Жаңа ритмге қосыл» атты дауылпаздар фестивалі өтті, деп хабарлайды KzNews.

31 тамыз күні Көктөбе алаңында «Жаңа адамдар» қозғалысы ұйымдастырған барабан фестивалі өтті. Музыкалық іс-шарада түрлі соқпалы барабандар, дарбука, драм-пад және перкуссия түрлері арқылы ортақ ырғақ орнатылды. Қатысушылар мен көрермендер бір толқында үндесіп, өзгерістердің әр адамнан басталатынын еске салды.

Фестивальдің шарықтау шегі 200-ге жуық адамның қатысуымен өткен барабандық қойылым болды. Брейк-данс өнері мен көрермендердің қолдауы арқылы ортақ ырғақ қалыптасып, бұл сәт жаңа азаматтық кампанияның бастамасы ретінде белгіленді. «Жаңа ритмге қосыл» жобасы музыка мен серпін арқылы жеке жауапкершілік пен ілгерілеу мәдениетін дәріптеуді көздейді.

Іс-шара аясында Qazaqstan атты жаңа брендтік жейделер таныстырылды. Киім жеке тұлға мен ел арасындағы шекараның жойылғанын бейнелейтін визуалды ұстаным. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл — азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз әрекетімен болашақты қалыптастыруға дайын екенін білдіретін белгі.

«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері фестивальдің маңызын былай сипаттады:

  • Аружан Үсенова: «Музыка ортақ ырғақты сезінуге мүмкіндік береді. Өзгеріс үлкен сөздерден емес, кішігірім қадамдардан басталады».
  • Майя Темірхан: «Әр адам өз өміріне ғана емес, елге де жаңа ырғақ бере алады. Бірлік болашақты өзгертетін күш».
  • Бауыржан Аманов: «Жауапкершілік пен жасампаздық күту емес, әрекет арқылы басталады».
  • Алпамыс Әбілов: «Жейде жаңа көзқарастың көрінісі. Әрбір сөз, таңдау мен қадам елдің мәдениеті мен келешегін қалыптастырады».
  • Нұрай Өмірзақ: «200 адамның бір ырғақпен ойнауы қоғамның ішкі серпінін көрсетеді. Бұл жауапкершілікке, еркіндікке және адалдыққа үндеу».
  • Нариман Сұлтан: «Бір толқында бірігу ұмытылмас әсер. Өзгерісті өзіңнен бастау басты таңдау».

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz