“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көктайғақ кесірінен Семей мен Жармада сабақ тоқтады

Көктайғақ кесірінен Семей мен Жармада сабақ тоқтады

Шығыс Қазақстанда ауа-райы қысқа күнде қырық құбылып тұрған жайы бар. Біресе қар, біресе жаңбыр. Жұрт «көктем қайта шығып кетті ме?» дейін десе, жаңбыр артынан төпелеп қар жауып, аяз қыса түсуде. Аяз соңы – көктайғақ. Соның кесірінен бүгін Семей қаласы мен Жарма ауданында сабақ тоқтады. Семейде бірінші ауысым оқушылары үшін 1-9, Жармада 1-11 сыныптарға сабақтар тоқтатылды. Бұл туралы ШҚО ТЖД ресми сайты хабарлады. Сабақ тоқтатылмады дегеніңіз болмаса, Өскемен көшелері де көктайғақ. Бір қуанарлығы, орталық көшелердің жолдарына құм себіліпті.

Көктайғақ өз алдына, бірнеше күннен бері облыста боран басылмай, жолдар жабылуда. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазіргі уақытта Өскемен-Тарғын-Самар жол учаскелерінің 63-145, Теректі-Ұранқай-Төсқайың бағытының 0-91, автобустар үшін «Алматы-Өскемен» бағытының 967-778 (Қалбатау-Аягөз) шақырымдары уақытша жабық.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Автор
Бауыржан