"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетаулық қызын перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алды

Көкшетаулық қызын перзентханадан ГАЗельдер кортежімен шығарып алды

ГАЗель жүргізушілері ұйымдастырған ерекше флешмоб желіде қызу талқыланып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Әлеуметтік желілерде қызын перзентханадан ерекше шығарып алған көкшетаулықтың кортежі қызу талқылануда. Ондаған ГАЗель көлігімен көшелерді аралаған бақытты әке бірінің ашуын тудырса, енді бірін таңғалдырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. 

Перзентхананың жанында тұрған "ГАЗель" көлігі

Бейнероликтен нәрестенің әкесі ГАЗель жүргізушісі болып істейтінін түсінуге болады. Оны қуанышты сәтте әріптестері қолдап, перзентханаға бірге барған.

Sputnik Қазақстан тілшісіне жүргізушінің туысы оның, осылайша, әйелін қуантқысы келгенін айтты. Кішкентай қыз отбасындағы үшінші бала.

"Ол баланы перзентханадан шығару сәті еш нәрсеге ұқсамайтындай болғанын қалады. Өмір бойы есте қалатындай етіп жасағысы келді. Бәрі күлді, әрине. Өйткені өте қызықты болды",- дейді жүргізушінің туысы.

Бейнероликке тұрғындар бірнеше пікір жазған. Бірі медициналық мекеменің жанында ондаған көлік кортежінің жүргеніне ашуланса, енді бірі бақытты әкені қолдап жатыр. 

Перзентханаға бара жатқан ГАЗельдер кортежі

Тұрғындардың бірі қыздың әкесі танк жүргізушісі болса, не болар еді деген таңданысын жасырмаған. 

Тағы оқыңыз: Небәрі 346 грамм: дәрігерлер сәбиді қалай аман алып қалды?

"Мен осы кортеждің артынан саяжайға дейін бардым. Бәрі қайдан шықты десем, перзентханадан келе жатыр екен ғой", - деп жазады көкшетаулық.

Тұрғындардың дені сәбиді перзентханадан ерекше кортежбен шығарып алу керемет идея деп бағалаған.


sputniknews.kz
Автор
Санжар