Саяси сауалнама: тұрғындардың 87,8 пайызы елдің саяси даму бағытын қолдайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетауда өткен халықаралық киберспорт турниріне 5 елден 765 ойыншы қатысты

Көкшетауда өткен халықаралық киберспорт турниріне 5 елден 765 ойыншы қатысты
Қазақтелеком

Көкшетауда 5 елден 765 киберспортшының басын қосқан Akmola International Esports Cup 2026 халықаралық турнирінің LAN-финалы аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметінің дерегінше, жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері қатысты. Чемпиондық атақ үшін сайыс төрт негізгі бағыт бойынша өтті.

Турнир қорытындысы бойынша Counter-Strike 2 ойынында OMEGA командасы, Mobile Legends: Bang Bang дисциплинасында HOG RIDER командасы, PUBG Mobile бойынша FREE MIGRANTS командасы жеңімпаз атанды. Ал Clash Royale ойынында Мирас Құсайынов (MIKO) үздік нәтиже көрсетті.

– Киберспорт – цифрлық технологиялар мен жастар аудиториясы табиғи түрде тоғысатын орта. Біздің инженерлердің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Олар турнир бойы деректердің үздіксіз берілуін және желілік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етті, – деді «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік бизнес дивизионының бас директоры Асқар Қайыров.

Компания турнирде желілік инфрақұрылымды қамтамасыз етумен қатар, бизнеске арналған жасанды интеллект негізіндегі өз шешімдерін, соның ішінде интеллектуалды бейнемониторинг жүйелерін таныстырды.

Финалдық кезеңге Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

– «Қазақтелеком» цифрлық өнімдер провайдеріне айналу бағытындағы трансформацияны жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осындай жобалар жаңа технологияларды дамытуға және цифрлық экожүйені кеңейтуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті компаниядан.

Кубокты Qazaq Cybersport Federation Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп, өңір әкімдігінің ресми қолдауымен ұйымдастырды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.