KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Көйлектерін сынап тұр”: Роза Рымбаеваның бір топ әншіге деген әрекеті сынға ұшырады

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның әріптестерінен күтпеген құттықтау алған сәттегі видеосы қызу талқылануда, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбада бір топ әнші Роза Рымбаеваға Жаңа жылға орай ән арнап, жылы лебіз білдіреді. Алайда әншінің «Не болды, қыздар?» деп тосыла жауап беруі желі қолданушыларының назарын аударды.

Кейбірі оның реакциясын салқын деп бағаласа, енді біреулері жағдайдың күтпеген болғанын алға тартты. Пікір қалдырушылар бұл сәтті бұған дейін Мақпал Жүнісоваға жасалған ұқсас құттықтаумен салыстырып, екі өнер иесінің эмоциясын талқылады. Қоғамда пікір екіге жарылып, талқылау әлі де жалғасуда.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары