Белгілі журналист әрі жазушы Қанат Тілеухан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жаңа бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Қанат Тілеухан Facebook парақшасында режиссер Болат Атабевтың қарым-қатынас туралы айтқан ой-пікірін жариялады.
"Жігіттерге айтарым – қыздар жігітке емес, тұрақтылыққа тұрмысқа шығады. Естеріңдер болсын! Егер жігіт бірде көл, бірде шөл, ырың-жырың болса, кім оған байға тиеді? Кезінде менде сол тұрақтылық болмады. Түнгі көбелек қуып кеттім. Көп қуып жүрдім", – деді Болат Атабаев.
Болат Атабаев 1952 жылғы 15 мамырда бұрынғы Талдықорған облысы Тентек ауылында дүниеге келген. Ол – драматург, театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Шығармашылық жолында Неміс драма театрында және Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бас режиссер қызметін атқарған. Өнер қайраткері "Астана" медалімен марапатталып, Қазақстан мен Германия театрлары арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін Гёте медалінің иегері атанған.
Болат Атабаев 2021 жылы 29 шілдеде 69 жасында өмірден өтті.