Бекет атаға барып, кейін жоғалып кеткен үш адам Маңғыстауда табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Кірпіден сорпа әзірлеген танымал әнші жұрттың сынына қалды

Кірпіден сорпа әзірлеген танымал әнші жұрттың сынына қалды
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желі қолданушылары жануарды видео үшін өлтірген болса, заң алдында жауап беруі тиіс деп есептейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі қазақстандық әншінің қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Кадрларда өнер иесінің кірпіден сорпа әзірлеп, кейін оны камера алдында жеп отырғаны көрсетілген.

Видео жарияланғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының бірі құқық қорғау органдарына үндеу жасап, оқиғаға құқықтық баға беруді сұрады. Оның пікірінше, егер жануар түсірілім үшін әдейі өлтірілген болса, бұл әрекет жануарларға қатыгездік көрсету туралы заң талаптарына қайшы келуі мүмкін.

«Көпшілікке танымал қазақстандық әнші кірпіден сорпа қайнатып, оны камера алдында жеді. Құқық қорғау органдарынан осы жағдайға тексеру жүргізіп, заң аясында баға беруді сұраймын», – деп жазды ол Threads әлеуметтік желісінде.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің әрекетін айыптап, жауапкершілікке тартуды талап етсе, енді бірі видеода кірпінің қалай қолға түскені немесе өлтірілгені дәлелденбегенін алға тартты. Кейбір пікір қалдырушылар бұл әрекет көпшіліктің назарын аудару үшін жасалған болуы мүмкін екенін де айтты.

Сонымен қатар талқылауға қатысушылар жабайы кірпі етін тұтынудың денсаулыққа қаупі бар екенін ескертті. Олардың айтуынша, кірпі көптеген жұқпалы аурулар мен паразиттердің табиғи тасымалдаушысы саналады. Мұндай етті жеу әртүрлі гельминттерді жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін.
 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.